16.07.2018, 11:29
Қараулар: 179
Ізгі ниеттен туған игі іс

Ізгі ниеттен туған игі іс

Жаңажол ауылдық округін-де Зеленов аудандық мәс-лихатының депутаты, жеке кәсіпкер, меценат Хайруллин Нұрлыбек Қажымұратұлының демеушілігімен ауылдың іргесі-не қақпа тұрғызылды. Ал 4 шілде күні ауыл тұрғындарының қатысуымен қақпаның ресми ашылу салтанаты болып өт-ті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Нұрғожин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалаубек Теміров, еңбек ардагерлері қатысты. Шарада ауылдық округ әкімі Аслан Уразалиев құттықтау сөз сөйледі.

Бас қақпаның лента қию рәсімі еңбек ардагері Кеңес Қабушев пен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сәкенұлына ұсынылды. Айта кетсек, жеке кәсіпкер қақпаның құрылысына және 300 метр қашықтықта орнатылған көше жарығының бағанасына 1 млн. 500 мың теңге көлемінде қаражатын жұмсап, қолдау көрсетіпті.

Бұл күні жаңажолдықтардың қуанышында шек болмады. Кіреберіске орнатылған қақпа ауылдың сәнін келтіріп, елдің елдігін көрсетіп тұрғандай.

Нақ осы күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясын-да жүзеге асқан тағы бір игі істің куәсі болдық. Өткен жылы Жаңажол ауылдық округінде алғаш рет «Туған жер – алтын бесік, асыл анам» атты жерлестер форумы ұйымдастырылған болатын. Форум аясында іс-шаралар жоспары жасақталды. Соның бірі — ауыл саябағындағы ауыл көркемөнерпаздарының өнер көрсетуіне арналған жазғы сахна жоспары еді. Бұл іс «Көшім» асыл тұқымды жылқы шаруа қожалығының жетекшісі Наурыз Бекмашевтың қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асып, халықтың игілігіне берілді. Осыған орай салтанатты жиында еңбек ардагері О.Дыңғалиев пен «Көшім» асыл тұқымды жылқы шаруа қожалығының жетекшісі Н.Бекмашев лента қию рәсімін жасады. Одан әрі ауылдық округ әкімі А.Қанатұлы сөз сөйлеп, атымтай жомарт азаматтарға халық атынан алғысын біл-діріп, ауылдастарын айтулы мерекемен құттықтады.  Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин, қожалық жетекшісі Н.Бекмашевтар сөз алып, «Еліміз гүлденіп,  ауылымыз ажарлана берсін» деген ізгі лебіздерін білдірді. Шараның соңы ауыл өнерпаздарының Астана қаласының 20 жылдығы-на арнаған «Асқақтай бер, Астана» атты мерекелік кон-цертіне ұласты.

Жаһандану заманында жомарт-тық танытып, туған ауылының гүлденуі үшін қолда бар қа-ражатын аямаған Н.Хайруллин, Н.Бекмашев секілді аяулы азаматтарға  жерлестерінің алғыстан басқа айтары жоқ. Қысқасын айтқанда, оларға ауыл тұрғындары дән риза.

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.