5.07.2018, 11:29
Қараулар: 93
«Астананы асқақтатқан 20 жыл»

«Астананы асқақтатқан 20 жыл»

5 шілде күні Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналған «Астананы ас-қақтатқан 20 жыл» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиын аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымының ұйымдастырған «Астана – ұлы дала Елордасы» атты кітап көрмесінен бастау алды. Мерекелік концертке жиналған ауыл тұрғындары жаңа Астананың кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін бейнероликті тамашалап болғаннан соң, сахна төріне аудан әкімі Н.Қарағойшин шақырылды. Аудан басшысы салтанатты жиынды аша отырып, барша жаңақалалықтарды Астана қаласының 20 жылдық мерекесімен құттықтап сөз сөйледі. Одан әрі Н.Қадырбайұлы аталмыш мерекеге орай С.Ғайбатолла, А.Са-лауатов және Г.Маделина сынды ардагерлердің төстеріне  «Астана — 20 жыл» мерекелік медалін тақса, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали Жайықтағы айтыстың 60 жылдығына арналған медалімен және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Д.Даниярқызына Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасынан «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар еңбек ардагерлері Құрмет Рысқалиев пен Бәтима Рахметова Жаңақала ауданының «Құрметті азаматы» атанса, Д.Мұқашева, Р.Рамазанова, Г.Сүлейменова сынды қызметкерлер еңбектегі жетістіктері үшін  «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің атынан алғысхатпен марапатталды. Ал А.Мусақызы, С.Болатұлы, Ф.Файзрахманқызы және Н.Есқалиқызы  сынды қызметкерлер «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Қарағойшиннің алғысхатымен марапатталды. Сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай өткізілген өнер фестиваліне өз үлестерін қосып, белсенді қатынасқандары  үшін ауылдық округ  әкімдері мен мекеме ұжымдары аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды. Марапаттау рәсімі аудандық балабақша ұжымдарының өнер фестиваліне дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.