13.07.2018, 11:44
Қараулар: 585
Облыстық спартакиададан олжалы оралды

Облыстық спартакиададан олжалы оралды

3-7 шілде күндері Ақсай қаласында 2001-2003 жылы туған оқушылар арасында Астана қаласының 20 жыл-дығына орай Батыс Қазақстан ауыл жасөспірімдерінің II жазғы ойындары өтті. Соның ішінде тоғызқұмалақ сайысына 50-ден астам спортшы қатысты.

Бұл жарысқа Жа-ңақала ауданының атынан 4 өрен қа-тысып, шебер ойын өрнегін көрсетті. Жарыс 4 жылда бір-ақ рет өткізілетін дүбірлі дода.

Тартысқа толы өткен ақыл-ой бәсекесінде жерлестеріміздің айы оңынан туып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, ұлдар арасында жекелей түрде Амангелді Сағынғалиев I орынды,  Бексұлтан Халиоллин  II орынды еншілесе, қыздар арасында Дильназ Абдуллина II орынды иеленді. Ал, оларды жаттықтырған Қайрат Маратұлының еңбегі еш кетпеді.

Жалпы, командалық есепте тоғызқұмалақтан Жаңақала ауданы II орынға ие болды. Сонымен қатар, келесі айда  Қызылорда қаласында өткізілетін республикалық жарысқа Амангелді Сағынғалиев жолдаманы ұтып алды. Бұл да қуантарлық жағдай.

Айта кетсек, А.Сағынғалиев биылғы жылы тоғызқұмалақтан «ҚР спорт шеберіне үміткер» атағын алған еді. Ол өз деңгейіне сай болып, ауданымыздың намысын абыроймен қорғап келеді.

Ауданымыздың тоғызқұмалақшы ұландарына алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, олжалы оралсын демекпіз.