30.07.2018, 11:23
Қараулар: 236
Мейірімді болайықшы, адамдар

Мейірімді болайықшы, адамдар

Күнделікті өмірде қабағынан қар жауған, өмірден түңілген, өз-өзінен бір нәрсеге көңілі толмай жүретін адамдарды жиі кездестіреміз. Неге өмірдің әрбір сәтінен ләззат алып, қиыншылығы мен қуанышы қатар жүретінін түсініп, өзіміздің де, жан-жағымыздағы адамдардың да көңіліне қаяу түсіретін сөздер айтып, керағар әрекеттер жасаймыз?!

Дана халқымыз: «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» деген. Ал сол мейірімділік ұғымын қалай түсінеміз? 

Мейірімділік – ол басқалардың игілігіне қамқор болу, біреуге жылулығын, ізгі ниетін білдірудің көрінісі. Жан-жақтан қабылдайтын ақ-параттардың көпшілігі соншалық, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін махаббат, жақсылық, рақымдылық,сыйластық сияқты адамгершілік қа-сиеттер ұмытылуда. Ке-рісінше, адамдардың бойында кек сақтау, жек көру, қызғаншақтық, көре алмаушылық қасиеттер ба-сымдылық танытып отыр. «Мейірімділік — махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады» дейді Шәкәрім атамыз.

Ата-ананың қадірі, бауы-рының бүтіндігі, балалардың көз алдыңда шауып жүруі, туысқандардың татулығына шүкіршілік етудің орнына, шағым айтамыз да жүреміз. Осылай қаны бір жандардың арасында жанашырлық, ба-уырмалдық жоғалып бара жатқанда, көшедегі бөгде біреуден не қайыр күтуге болады?!

«Сәлем  —  сөздің анасы» дейді қазақ халқы. Адамдардың алғашқы кездесуі сәлем-десумен басталады. Сол алғашқы амандасудан-ақ адамдар арасындағы болашақ ізгіліктің немесе жамандықтың ұрығы себі-ле бастайтынын аңғара бермейміз. Кездескен таныс және бейтаныс адамдардың жүзінен шуақ шашып, жайдары көңілмен күлімсірей сәлем беруі немесе немқұрайлы, жүрдім-бардым бас изеп өте шығуы, менсінбей сәлем алмауы адамдар арасындағы әрі қарайғы қатынасқа өз әсерін тигізеді. Бұл туралы қасиетті Құран Кәрімде: «Қашан сендерге сәлем берілсе одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар. Шексіз Алла әр нәрседен есеп алушы» дейді («Ниса» сүресі, 86-аят).

БАҚ-тың қай түрін аш-саңызда небір сұмдық жа-ңалықтарды көзің шалады, іліп алар жағымды оқиғалар жоқтың-қасы. Әлем жаңа-лықтары өз алдына, өз елімізде жантүршігерлік ақ-параттардан көз ашылмай қойды. Соларды оқып, қарап отырып үйіңді оқ-шаулап, отбасыңмен бірге жамандықтан аулақта ты-ғылып өмір сүргің келіп кететіні жасырын емес. Себебі, жағымсыз ақпараттар ой-өрісімізге, іс-әрекетімізге кері әсерін тигізеді.

Әрқайсысымыздың күнделікті өмірімізде кездесетін жайттарға тоқталайық. Дүкенге кез келгеніміз кіріп, сауда жа-саймыз. Сондағы жүз пайыз демесем де, сатушылардың көп бөлігі қызмет көрсету тәртібін білмегендігі былай тұрсын, сәлемдесуден бей-хабар ма деп ойлаймын. Сауда жасауға кірген адамның көңілін қалдырып, «алсаң ал, алмасаң қой» деген немқұрайлықпен қарайтын саудагерлер дү-кендерде жиі кездеседі. Сондай-ақ мемлекеттік қыз-мет көрсететін тұлғалар, әкімшілік мамандар, дәрі-герлеріміздің кейбірі келген  адамға зекіп сөйлеп, мәселесін тыңдаудың ор-нына орынды жауап қайтармай, сарғая күттірумен шығарып салады.

Тоқсан ауыз сөз-дің тобықтай түйі-ні, мейірімділік тек жүректен басталады. Рақымдылық, сүйіспеншілік, имандылық, сыйластық, қамқорлық сияқты асыл қасиеттерді бойымызға сіңіріп өсейік. Балаларымызға «мейірімді, бауырмал бол» деп айтып отырған жөн. Себебі, Алла Тағала құлының өзге құлына қалай қарым-қатынас жа-сағанына назар аударады. Ол қалай    қарым-қатынас жасаған болса, Алла Тағала оған да солай қарым-қатынас жасайды. Әділетсіздікпен өкпелейтін болса, оған өкпелейді. Мейірімділік пен рақымдылық көрсететін болса, мейірімділік пен рақымдылық көрсетіледі. Біреудің көңілін аулайтын болса, көкейіне тыныштық ұялатады. Әлдебіреудің жүрегіне жара салған болса, оның да жүрегіне уайым-қайғы салады. «Ра-қымдылық жасамағанға рақымдылық көрсетілмейді» (Бұхари, Әдеп, 18) деген хадиске орай «Рақымдылық жасағандарға Алла Тағала да рақымдылық жасайды» (Тирмизи, Бирр, 16) деген хадис бұның ең биік дәлелі болмақ. Сондықтан, тал бесіктен, ананың ақ сүтімен бойымызға даритын, «ата-анасының тәрбиесін көрген екен» деп айтатындай есейетін салиқалы ұрпақтарымыздың саны көбейсін дегім келеді.

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.