24.07.2018, 11:24
Қараулар: 87
Сенат депутаттары ауданымызда

Сенат депутаттары ауданымызда

24 шілде күні Жаңақала ауданына жұмыс сапа-рымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев келді. Бөкей ордасы ауданынан Жаңақала ауданы аумағына ат басын бұрған халық қалаулылары алдымен Жаңақазан ауылдық округіне қарасты Жуалыой ауылында болып, Құлшық су қоймасынан тартылатын су құбыры жобасымен толыққанды танысты. Жалпы, жаңақа-лалықтардың ауыз суға мұқтаждығы жыл санап артып келеді. Өңір басшысы А.Көлгінов бұл мәселені Бөкей орда және Жаңақала аудандарының шекарасындағы Құлшық жерасты су қоры арқылы шешуді ұсынған болатын. Осыған орай 2016 жылы Құлшықтан таза ауыз су құбырын тарту үшін жалпы сметалық құны 2 522,339 млн. теңгені құрайтын құрылыс жобасы жасақталған еді. Аудан тұрғындарының қуанышына орай аталмыш жоба Үкіметтен қолдау тауып, жоспарлы жұмыс жүзеге асуда. 2018 жылы аяқталуы тиіс құрылыс жұмыстары ойдағыдай бітсе, аудан тұрғындарының 70 пайызы (16 814 адам) таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Нақтырақ айтсақ, ауданымыздың оңтүстік бөлігінде орналасқан Жаңажол, Жаңақазан, Сарыкөл, Жанақала, Көпжасар, Мәстексай, Мұқыр және Жуалыой ауылдары толықтай ауыз су мәселесінен құтылмақ. Сенат депутаттары келесі күні Бірлік ауылдық округінде болып, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Халық қалаулылары бастаған топты ауылдық округ әкімі Е.Еслямғалиев қарсылап алып, құрылысы биылғы жылдың қаңтар айында аяқталған ауыз су станциясына апарды. Жоба  құны 208 млн. теңге болатын аталмыш құрылыс  «Ақбұлақ» бағдарламасымен салынған болатын. Ауыл әкімінің сөзіне жүгінер болсақ, ауылдық округтегі 230 ауланың қазіргі таңда барлығы дерлік таза ауыз сумен қамтылған. Тек бос тұрған 12 үйге ғана ауыз су тартылмаған екен. Ауыз су станциясының жұмысымен  танысқан халық қалаулылары одан әрі ауыл тұрғындарымен жүздесті. Мәде-ниет  үйінде өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин төрағалық етіп, алғашқы сөз кезегін  халық қалаулыларына  ұсынды. Мін-берге көтерілген  Нариман Төреғалиев Парламентте ат-қарылып жатырған қызметтер мен қабылданып жатырған заңдар туралы қысқаша баяндаса, Ерболат Мұқаев Сенат қызметі туралы сөз қозғай отырып, облыста атқарылып жатырған игі істерді республикамен салыстыра отырып баян-дап берді. Сондай-ақ, халқымыздың кейбір кем-шіліктері мен елімізде орын алып отырған бір-сыпыра мәселелерді тізбектеп берді.  Келесі кезекте сөз ауыл тұр-ғындарына беріліп, бір-ліктік ағайындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Соның ішінде зейнеткер И.Әміргереев депутаттарға ризашылы-ғын білдере отырып, ауыл малының бағылмайтынын және ауылдың 14 шақырым болатын кіре-беріс жолына жөндеу жұмыстары қажет екенді-гін мәселе қылып көтерді. Ал «Бірлік» ЖШС-нің  есепшісі  С.Рамазанов Үкімет тарапынан асыл тұқымды қой малына берілетін демеуқаржы-ның не себепті тоқтап қалғанын сұрады. С.Рамазанов егер Үкі-мет демеуқаржыны тоқтатып тастайтын болса,  еліміздегі асыл тұқымды шаруашылықтар көбеймейтіндігін тілге тиек етті. Жиын соңында ауыл тұрғындарының мұң-мұқтаждары  мен ұсыныс-пікірлерін тыңдаған халық қалаулылары әр қойылған сұраққа жауап бере отырып, айтылған ұсыныстар қараусыз қалмайтындығын жеткізді.