19.07.2018, 11:37
Қараулар: 71
Кәсіп иелерімен кездесті

Кәсіп иелерімен кездесті

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жанболат Бақтыгереевтің төрағалық етуімен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдар-ға арналған бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласындағы несиелендіру мәселелерін түсіндіру, талқылау жұмыстарын жүргізу аясында аудан шаруа қожалықтарының жетекшілерімен, кәсіпкерлер-мен кездесу өткізілді.

Кездесуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының маманы Әдиет Орашев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалының маманы Талап Бисенбаев қатысып, ауыл шаруашылығы саласындағы несиелендіру мәсе-лелерін түсіндіру, талқылау жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге қатысқан Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы-ның бас маманы Серікбол Аяпов ауыл шаруашылығы саласындағы оңтайлы өзгерістерді әңгімеледі.

Жиын соңында шаруа қожалықтарының жетекшілері мен  кәсіпкерлер облыс орта-лығынан келген өкілдерге көкейкесті сұрақтарын қойып, түрлі ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

 

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар