1.08.2018, 15:38
Қараулар: 124
Жағалауға тазалық жүргізілді

Жағалауға тазалық жүргізілді

Өткен сенбіде облыстық «Таза жағалау» акциясы аясында Жаңақала ауылындағы Төртшеген, Бірқазан, Орысқопа, Соркөл көл-дерінің жағасына және ауыл шетіндегі айдынның жағалауына сенбілік өткізілді. Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен сенбілікке аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлімдерден 200-ге жуық қызметкерлер және «Жасыл ел» сарбаздары атсалысты. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын аудандағы су айдындары мен каналдың экологиялық жағ-дайын жақсарту үшін өткізілген сенбілікке 1 трактор (тіркемесімен), 1 КАМАЗ және 4 УАЗ техникалары жұмылдырылып, барлығы 12 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілік барысында ауыл тұрғындары мен ауыл қонақтарының жаз мезгілінде демалатын сүйікті орындарының біріне айналған «Соркөл» көлінің жағасы демалушылардың шашып кеткен қоқыстарынан тазартылып, жағалауға 4 қоқыс жәшігі қойылды.