6.08.2018, 15:49
Қараулар: 721
«Кедергісіз келешек» — мүгедек жандарға қамқорлық

«Кедергісіз келешек» — мүгедек жандарға қамқорлық

30 шілде  күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында «Нұр Отан» пар-тиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Нұрғожин, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жанболат Бақтыгереев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

— Елбасы өз Жолдауында барлық азаматтарды мүгедектерді жан-жақты қолдап, олардың мәселелерін оң шешуге атсалысуға шақырды. Президент мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін ескертті. Олар үшін Қазақстанның кедергісіз аймаққа айналуы қажеттігін айтты. Бізде ондай адамдар аз емес, оларға қамқорлық көрсетілуі тиіс. Бұл біздің қоғам алдындағы парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады.

«Нұр Отан» партиясының «Кедер-гісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақ-сартуға бағытталған. Ол, ілгеріректе айтылғандай, төрт бағытты көздейді. Бірінші мәселе — мүгедектерді тұрақты еңбек орнына жұмысқа тұрғызу. Екінші бағыт — мүмкіндігі шектеулі жандарға еш кедергісіз жағдай жасау. Үшінші шарт — мүгедектердің мәселесіне қоғам мен бизнестің назарын аударатындай дәрежеде ақпараттандыру жұмы-сын күшейту. Соңғы мәселе — мүгедектердің құқығын қорғауды жақсартатын ықпалды шаралар алу,-деді жиында алғаш сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов. Бұдан бөлек аудан әкімінің орынбасары Ж.Сәкенұлы қамкөңіл жандарға қашанда Үкімет тарапынан көмек көрсетілетінін айтып,  қоғамның назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді.

Басқосуда Жаңақала ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жан Зәуре Сұлтанова жергілікті  атқамінер азаматтарға мұңын шақты.

-1999 жылдан бері мүгедекпін. Жаңақала колледжінің жатақ-ханасында тұрамын. Алайда, би-ліктің берген баспанасы тұруға тым қолайсыз. Жаңбыр жауса төбеден су кетеді. Дәретхана да сыртта орналасқан. Газ жоқ. Электр жарығы өшкен жағдайда тамақ пісіру тіптен қиындап кетеді. Сондықтан, реті келсе, ыңғайы шығып жатса, басқа баспана болар ма екен,-дейді Үкіметтен үмітін үзбеген З.Сұлтанова.

Сондай-ақ, Жаңақала кол-леджінің жатақханасындағы электр жарығы сымдарының сапасы сын көтермейтіндігі тілге тиек етілді. Тұрғындар қауіпсіздігіне жауапты меке-мелер өз жұмыстарына жауапсыз қарайтындығы ай-тылды. Мүмкіндігі шектеулі жанның айтуынша аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аталмыш жа-тақханаға жиі бас сұқпайды екен. Келсе де тұрғын үйдегі түрлі ақауларды анықтап тексермей, тек жұмыс бабы үшін фотоға түсуден әрі аспайды-мыс. Бұл жағдайды бөлім басшылары басты назарға алса дейміз.

Сонымен, бұл басқосуда бір мүгедек тұрмысының ауыртпалығын айтса, қалғаны басшыларға алғыстан басқа ештеңе айтпады. Елдің саясатына разы екендіктерін жеткізді.

Жиынды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов қорытындылады.