20.08.2018, 10:04
Қараулар: 378
«SENIMGE» сенім білдірді

«SENIMGE» сенім білдірді

9 тамыз күні  аудандық орталық ауруханада алқалы жиын өтті. Жиынға «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Салықов, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы міндетін уақытша атқарушы Махамбет Құсайынов және медицина саласының қызметкерлері қатысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Нұрғожин ашып, жүргізіп отырды.

Басқосуда «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы міндетін уақытша атқарушы Махамбет Құсайынов жаңадан ашылған кәсіподақ бірлестігінің жұмысын толық түсіндіріп, оның басымдықтары мен артықшылықтарын сөз етті. Мұнан кейін «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Салықов кәсіподақ ұйымының жұмысын ширату, түйінді түйткілдерін шешу жайында әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар, кездесуде денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің мәселелері және оларды шешудегі кәсіподақтардың рөлі талқыланды.

Жиын соңында Жаңақала аудандық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігіне сенім білдіріп, бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.