24.09.2018, 10:18
Қараулар: 96
Жәрмеңке жалғасуда

Жәрмеңке жалғасуда

Қыркүйек айының  15-і күні кезекті ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл аптада Қызылоба және Жаңақазан ауылдық округтерінің тауар өндіру-шілері аудан тұрғындарына арзандатылған бағамен өз өнімдерін ұсынды. Осы күнге дейін өткізген ауылдық округтердің  жұ-пыны жәрмеңкелерімен са-лыстырғанда,  бұл жәрмеңке әлдеқайда жақсы өтті. Олай дейтін себебіміз өз кезегімен сенбі сайын өтіп келе жатырған жәрмеңкеге келген Жаңақала, Мәстексай және  Қырқопа ауылдық округтерінің бірі  кәсіпкерлерді жәрмеңкеге жұмылдыра алмаса, бірі бағаны дүкендергі  күнделікті бағадан төмен түсіре алмады. Ал қызылобалық шаруалар бүгінгі таңда мал азығына зәру боп отырған аудан тұрғындарына 12 жүк, яғни 156 бума мал азығы алып келген болса, сол ауылдың 10 кәсіпкері арзандатылған бағамен сүт, ет өнімдерін және көкөніс пен жеміс-жидектер әкеліп сатты. Жәрмеңкеге жиналған халықтың да қарасы көп болды. Олар өздеріне қажетті заттарды сатып алу үшін кезекке тұрып, жәрмеңкеден дорбаларын толтырып қайтты.

Сондай-ақ, жаңақазандық кәсіпкерлер тауардан сараңдық танытқанмен, өнерпаздары жәрмеңкеге жиналған жұртқа әсем әндерін арнап, саудаға келген тұрғындардың көңілдерін көтерді.