8.10.2018, 11:38
Қараулар: 578
IT-сынып ашылды

IT-сынып ашылды

Жақында Жаңақала мектеп-гимназиясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында  IT сынып ашылды.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен  ашылған сыныптың ашылу салтанатына аудан әкімі Н.Қарағойшин, «Нұр Отан»  партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Р.Саматов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Қадыров, ардагер ұстаз Р.Апахаева және ауылдық округ әкімдері мен мектеп ұжымы қатысты. IT сыныбының салтанатты ашылуында аудан әкімі Н.Қадырбайұлы   құттықтау сөз сөй-леп, аталмыш сынып оқушылардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында ашылып отырғандығын айтып, мектеп оқушыларына жарқын болашақ тіледі. Одан әрі аудан басшысы  Н.Қадырбайұлы  мен ардагер ұстаз Р.Апахаева жаңа сыныптың лентасын қиып, жиын қонақтарымен бірге  жаңа заманның цифрлы сыныбын тамашалады.

Ал шара қонақтары бұл жерде оқушылардың жасалған робототехникаларымен  танысып, оқушылармен естелік суретке түсті.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар