5.11.2018, 16:52
Қараулар: 133
Халық қалаулылары Жаңақалада

Халық қалаулылары Жаңақалада

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Айзада Құрманова, Жәмилә Нұрманбетова және Айгүл Нұркина Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен келді.

 Халық қалаулыларын аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали және «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов қарсылап алды. Қонақтар жұмыс  сапары барысында Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көрсетілген «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Ақ бұлақ» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданда атқарылып жатырған игі істердің мән-жайына қанықты. Мәжіліс депутаттары алдымен аудан орталығы  –     Жаңақала ауылындағы су айдау алаңында болып, биылғы жылы жүзеге асып, аудан халқының 82 пайызын таза ауыз сумен қамтыған  «Жаңақала топтық су құбыры» құрылысымен және Жаңақала ауылындағы 3 қабатты жалдамалы тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылымын тарту, Жуалыой, Сарыкөл, Мұқыр, Жангелді елді мекендерінің әлеуметтік нысандарын газбен жабдықтау және ауыл ішіндегі желі, тағы да басқа құрылыс жұмыстарымен танысты. Одан әрі халық қалаулылары ат басын ауданаралық сауықтыру орталығы-на бұрып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, сауықтыру орталығының қызметкерлерімен және ем алушыларымен жүздесті. Ауданаралық сауықтыру орталығын аралап шыққан депутаттар одан әрі жұмыс сапарларын Жаңақала мектеп-гимназиясында жалғастырды.  Бұл жерде халық қалаулылары күні кеше «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ашылған IT  сыныпқа  бас сұғып, оқушылардың жасаған робототехникаларын тамашалады. Сондай-ақ Жаңақала мектеп-гимназиясының  директоры  Лариса Қожахметовамен сұх-баттасып, мектеп-гимназияның  білім сапасы мен тыныс-тіршілігі туралы мағұлмат алды.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары ауданда атқарылып жатырған игі істерге оң бағаларын беріп, Елбасының тапсырмасын жүзеге асыруда аянбай тер төгіп жүрген аудан басшыларына ризашылықтарын білдірді.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.