2.11.2018, 17:21
Қараулар: 396
Үздіктер қатарынан көрінді

Үздіктер қатарынан көрінді

Жақында Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысының өнерлі жастары арасында «Жайық Star – 2018» шығармашылық байқауы өтті. Осы байқауға Жаңақаладағы Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің өрендері қатысып, облыс жұртшылығының алдында өз өнерлерін паш етті.

Байқау нәтижесінде «Домбыра» номинациясы бойынша Ертай Ғұбайдуллиннің төл шәкірті Дінмұxамед Сыйықов II орынды еншілесе, Томирис Нағым I орынды жеңіп алып, республикаға жолдама алды. Үлкен топ бойынша қатысқан жас маман Темірлан Сыралиев жүлделі III орынға ие болса,
қобыз аспабы бойынша Айнара Талғатова (жетекшісі Г.Құспанова) II орынды олжалады. Бұдан бөлек өнерлі шәкірт дайындағаны үшін ұстаз Е.Ғұбайдуллин мен Г.Құспанова алғысхатпен марапатталды.

Жарқын жеңіспен оралған өнерпаздар «Ақжайық» телеарнасының «Күн-шуақ» бағдарламасына арнайы шақырылып, байқаудан алған әсерлерімен, жеткен жетістіктерімен бөлісті.