12.11.2018, 16:03
Қараулар: 381
Жаңақалада жаңа дүкен

Жаңақалада жаңа дүкен

Ауданымызда кәсіпкерлік саласы қанат жайып, кеңінен өркендеп келеді. Жыл сайын жаңа кәсіпкерлік нысандары ашылып, халыққа өз тауарларын ұсынуда. Ал тұрғындар үшін сауда орындарының молайғаны жақсы, бәсекелестік күшейіп, тауардың бәсі түседі. Сондықтан әр дүкеннің ашылуын көпшілік қуанышпен қарсы алады.

12 қараша күні  аудан орталығындағы С.Айтқұлов көшесі бойында

«ТехноСила» тұрмыстық техникалар және үй тауарлары ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Алыстан менмұндалаған ғимараттың иесі Арухан Дәулетова 1999 жылы «Дәулетова» жеке кәсіпкерлігін ашып, киім-кешек саудасы бағытында күні бүгінге дейін қызмет атқаруда. Өз бизнесін құрып, оны кеңейтуге ниеттенген Арухан Төлеуғалиқызы жеке қаржысы есебінен сауда үйі ғимаратының құрылысын салған еді. Ал, «ТехноСила» дүкенінің ғимаратын А.Дәулетова ұсынса, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етіп отырған Орал қаласындағы «ТехноСила» жеке кәсіпкерлігінің иелері Қамбар Тұрланов пен Бақтияр Дәрібаевтар екен.

Дүкеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қатысып, аудандағы сауда орындарының  қазіргі заман талабына сай жаңа үлгімен салынған тағы бір жаңа дүкенге көбеюімен құттықтады. Кәсіпкердің ісіне сәттілік тіледі. Мұнан кейін кәсіпкердің көршісі Талшын апай сөз сөйлеп, ігі тілегін білдірді.

Қуанышты сәтте кәсіпкер Б.Дәрібаев сөз алып, жаңа сауда орнының халыққа үлгілі қызмет көрсететініне нық сенім білдірді.

Тұрмыстық техника дүкенінде таңдаулы тауарлардың алуан түрі бар. Сапасы да жоғары. Мұнда тұтынушының бар талап-тілегі ескерілген. Қолма-қол ақшаң болмаса, ұнаған затты несие арқылы рәсімдеуге болады.

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар