6.03.2019, 15:35
Қараулар: 107
Балалық жүрекпен, ақ тілекпен құттықтады

Балалық жүрекпен, ақ тілекпен құттықтады

Бөбек балабақшасының Тұлпар тобындағы кішкентай бүлдіршіндеріміз 8 наурыз мерекесі қарсаңында аналарына арнап концерт қойды. Бұл жолы балақайларымыз біздерді қуанту үшін барынша дайындалыпты. Ерғали Асылым деген бүлдіршініміз «Анашым» әнін шырқап, «Аяулы анашым» атты ертеңгілік шарамызды әдемі ашып берді. «Гүлдер» биімен қыздарымыз өз өнерлерін паш етті.  Содан соң тәтті балапандар бірінен соң бірі ортаға шығып, аналарын құттықтады. «Шуақты күн» атты ойын ұйымдастырылып, ұлдарымыз да қалыс қалмай, топ болып өнерлерін ортаға салып, би билеп, ән мен жырдан шашу шашты. Қолдан жасалған сыйлықтарын тарту етті. Бізге осындай мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін тәрбиешілеріміз Ақмарал Сансызбайқызына, Сандуғаш Есенгелдіқызына, көмекші тәрбиеші Қарлығаш Мендіханқызына шексіз алғысымызды білдіреміз.