12.04.2019, 10:25
Қараулар: 384
«Контрафакт» акциясы өтеді

«Контрафакт» акциясы өтеді

«Зияткерлік меншікті қорғау» Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықты кеңінен қамту және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелеріне құқық иеленушілерді тарту үшін 2019 жылдың 6-17 мамыры аралығында Республикалық «Контрафакт» акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Жоғарыда аталған акция шеңберінде:

1) ағымдағы жылдың 8 сәуірде сағат 11.00-де «Контрафакт» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңестер»;

2) ағымдағы жылдың 10 сәуір мен 3 мамыр аралығында республикалық конкурстың «ең үздік қысқа бейнеролик (vine) «контрафактке жол бермеу» жастар арасында 16-дан 29 жасқа дейін;

3) ағымдағы жылдың 10 сәуір мен 3 мамыр аралығында 14-16 жас аралығындағы балалар арасында «Зияткерлік меншік және мемлекет-2050» атты үздік эссеге республикалық конкурс;

4) ағымдағы жылдың 10 мамырда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша Интернет-конференция;

5) ағымдағы жылдың 17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында акция «Контрафакт» рәсімінің аяқталуы.

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен:

1) ағымдағы жылдың 10, 13 мамырда авторлардың және құқық иеленушілердің, кәсіпкерлердің, құқық қорғау органдарының қатысуымен Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша семинарлар (бағдарламалық қамтамасыз ету, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін көпшілік алдында орындау мәселелері);

2) ағымдағы жылдың 14 мамырда ашық есік күндері;

3) ағымдағы жылдың 15, 16 мамырда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау мәселелері бойынша өнеркәсіптік іс-шараларда, арнайы экономикалық аймақтарда семинарлар, кездесулер жоспарланып отыр.

Іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру мәселелері бойынша байланысушы тұлғалар:Маштаков Алтай, Cапарова Дамира 8 (7112) 50-32-13, 8-778-509-98-47  а.mashtakov@adilet.gov.kz, d.darkhankyzy@adilet.gov.kz.

 Жаңақала ауданының әділет баскармасы