15.04.2019, 15:53
Қараулар: 38
Достықты дәріптеген дода

Достықты дәріптеген дода

Өткен аптада «Жайық Пресс» медиахолдингінің Қазталов аудандық филиалы ұйымдастыруымен аймақтық спартакиада өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы достық қарым-қатынысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған дүбірлі додаға Жәнібек, Бөкей орда, Жаңақала және Қазталов аудандық газеттерінің қызметкерлері қатысып, жүлдені сарапқа салды.

Жарыстың ашылу салтанатында облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов пен Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байрақты бәсекеге тас түйін дайындалып келген журналистер спорттың 2 түрі бойынша бақ сынады.

Жарыс нәтижесінде волейболдан да, үстел теннисінен де жеңімпаз атанған жаңақалалық «Жаңарған өңір» газеті ұжымы ауыспалы кубокке екінші мәрте ие болды. Ал командалық есепте Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің ұжымы II орынға тұрақтаса, бөкейлік «Орда жұлдызы» газеті ұжымы III орынды місе тұтты.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.