19.04.2019, 15:59
Қараулар: 38
Жас таланттар топ жарды

Жас таланттар топ жарды

Орал қаласында Алматы қалалық «Өнер әлемі» продюсерлік орталығы мен «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сәуір күндері республикалық «Golden stars» таланттар фестивалі өтті.        Шараның мақсаты – талантты жастарға қолдау көрсету, жеке қатысушының шығармашылығын дамыту.

Екі күнге созылған өнер додасына жан-жақтан алпыстан аса өнерпаз қатынасып, Жаңақала ауданынан екі жас өнерпазымыз бақтарын сынап келді.

Аудан намысын қорғаған Жаңақала жалпы білім беретін қазақ мектебінің 5 сынып оқушысы, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты, аудандық «Балдәурен» балалар байқауының бас жүлде иегері Ғұмар Еркебұлан мен Көпжасар ауылының тұрғыны, Д.Нұрпейісова атындағы орта мектептің  3 сынып оқушысы Азидоллаұлы Жандәулет үйге қуанышты хабармен, сүйіншілеп келді.

Фестивальдің вокал жанрының қорытындысы бойынша Еркебұлан бас жүлде алып, мамыр айында Алматы қаласында өтетін ІІІ Халықаралық байқауға жолдама алса, Жандәулет ІІ дәрежелі дипломды қанжығасына байлады. Сондай-ақ бүлдіршіндерді осындай түрлі деңгейдегі байқауларға дайындап, өнерлерін шыңдауда аянбай еңбектеніп жүрген жетекшісі  Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі, әдіскер Жанболат Болатұлы  «Golden stars» байқауын ұйымдастырушылар атынан «Үздік тәлімгер» және «Жеті өнер» шығармашылық орталығының директоры, жоба авторы С.Құрманованың алғысхатымен марапатталды.

Гүлназ ГИНИЕТУЛЛИНА, Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының балалар мен жастар бөлімінің маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.