14.06.2019, 17:08
Қараулар: 45
Құжат айналымы қазақша

Құжат айналымы қазақша

Тіл – халықтың рухани байлығы,  баба салтын жалғастыратын дәстүрі, ертеден келе жатқан құндылықтардың бірі. Қалай болғанда да барлық тыныс-тіршілігіміз  осы тілмен тікелей байланысты.

Тіл – халықтың жаны, ұлттың ұлылығын ерекшелейтін белгісі. Сондықтан,  өзінің ана тіліне жаны ашитын, оның ертеңіне алаңдайтын кез келген азамат оған деген құрметті өзінен бастауы керек.

Адамгершілік, елге, тілге деген құрмет сынды рухани құндылықтарды халық санасына сіңіру қашан да маңызды мәселе. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің басты көрінісі  іс-қағаздарының қазақша жүргізілуі болмақ. Мемлекеттік тілді дәріптеу, құрметтеу осы елде өмір сүретін әрбір азаматтың міндеті. Әрбір Қазақстан азаматы өз тілін  ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп, көзінің қарашығындай сақтап  жеткізуі керек. Тіліміздің керегесін  кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан түрлі шаралар өз нәтижесін табары сөзсіз.

Тілімізді сақтау, басты құндылығымызды   құрметтеу – отаншылдық рухты ояту деген сөз. Ал оны дамыту, көркейту қай кезде  де  өз қолымызда  екенін есте сақтайық. Тіліміз өркендесін  десек, тіл мәселесіне оң  көзқараспен қарайық. Қай салада болсын тілдің маңызы зор.  Мемлекеттік қызметте жүрген мамандар қазақ тілін  білуге  міндетті. Сонымен бірге  сауал қай тілде жолданса, сол тілде кедергісіз жауап берілу қажет.

Қазіргі таңда барлық құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін асыруға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Аэлита Маратқызы, Жаңақала аудандық әділет басқармасының бас маманы