13.06.2019, 17:11
Қараулар: 242
Жемқорлыққа тосқауыл өзімізден

Жемқорлыққа тосқауыл өзімізден

Әлемдегі барлық елдерге сыбайлас жемқорлық теріс құбылыс ретінде белгілі.

Бұл індет қоғамның барлық салаларына, соның ішінде экономика, әлеуметтік сала, саясатқа салқынын тигізеді. Оның теріс салдары қоғамның прогрессивті, үдемелі дамуына ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты кедергі келтіретіні сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік функцияларды жеке мүддеге пайдалану. Дамудың жаңғырту сатысындағы елдерде сыбайлас жемқорлық жоғары болады. Қазақстан қазір жай ғана жаңғырту емес, қоғамдық, мемлекеттік және экономикалық қалыптардың түбегейлі өзгеруін өткеріп жатыр. Еліміз үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып саналады. Оның басымдығы  Мемлекет басшысымен нақты белгіленген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын  сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңында  көрсетілгендей  мемлекеттік қызметкер оған қатысты   қызметтік тәуелділікке тұрмаған  заң  бойынша бұйрық беру  өкілеттілігіне ие тұлға.  Оның қатарына  құқық қорғау   органдарының  немесе арнаулы мемлекеттік  органның, әскери полицияның қызметкері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы әскери қызметкер кіреді.

Бюрократияны  және қызмет алуға жүгінушілердің «тездету» жолдарын іздеу қажеттілігін болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметтердің орындалу мерзімдерін сақтау; электрондық қызметтердің санын ұлғайту жолымен мемлекеттік органдардың жұмыскерлерінің қызмет алушылармен байланыстарын минимизациялау; азаматтарға қызмет көрсету бойынша заманға сай ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарын құру, дамыту; мемлекеттік қызметшілердің жалақыларын арттыру, оларға сыйақы берудің икемді жүйесін әзірлеу, еңбек шарттарын жетілдіру сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағыттары.

Аэлита Байжұмашева, Жаңақала аудандық әділет басқармасының бас маманы