5.09.2019, 15:35
Қараулар: 164
«Жомарт жүрек – 2019»

«Жомарт жүрек – 2019»

5 қыркүйек күні Жаңақала колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Жомарт жүрек – 2019» сыйлығын номинациялармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Жомарт жүрек – 2019» премиясының мақсаты – халықты, бизнес құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілерді ынталандыру, көтермелеу және туған өлкесін дамытуға атсалыстыру, қайырымдылық қызмет және мейірбандық идеяларын танымал ету еді.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева құттықтау сөз сөйлеп, жаны жомарт, жүрегі кең жандардың елі үшін жасаған жақсылығы ескерусіз қалмайтындығын айтып, олардың кәсібіне береке тіледі.

Жалпы, аудан бойынша 2019 жылы 5 295 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалып, 12 жоба жүзеге асқан болатын.

Әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі мен меценаттық жобаларды жүзеге асырғаны үшін «Үздік демеуші» номинациясымен жаңажолдық «Саят» ШҚ басшысы Салауат Кабушев, мұқырлық Серік Семғалиев марапатталды. Сонымен қатар ауылдар мен елді мекендерді абаттандыруға, ескерткіш белгілер, демалыс бақтары мен балалардың ойын алаңдарын салуға демеушілік көрсеткен әр жылғы мектеп бітіруші түлектерге  «Туған өлке» бағамы бойынша марапаттар табыс етілді.

 

Рухани жаңғыру

Басқа да мақалалар