3.12.2019, 17:34
Қараулар: 443
Әлеуметтің әлеуеті арта береді

Әлеуметтің әлеуеті арта береді

Әрбір елдегі еңбекке қабілетсіз азаматтар мемлекеттің қорғау субъектісін құрайды. Мемлекеттің мүгедектерге қатысты негізгі міндетіне оларды материалды қолдау жатады. Алайда еңбекке жарамсыз азаматтар тек материалдық қолдауды ғана қажет етпейді. Оларға физикалық, психологиялық, ұйымдық және тағы басқа көмектерді көрсету де маңызды рөл атқарады. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында мүгедектерге әлеуметтік көмек көбінесе интернат үйлерінде көрсетіледі. Алайда мүгедектер мен жалғызбасты қарияларымыз үшін өмір салтын өзгерту қиындық туғызады. Сол үшін олар өздерінің үйренген үй жағдайында қызмет алуды қалайды.

Осы орайда, Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер бөлімі жалғызбасты қарияларымыздың сұраныстарын  қанағаттандырып, қамкөңіл жандардың күнделікті күйбең тірліктерін орындауға қол ұшын созып, алғысын арқалап жүрген ұйымның бірі.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласының бір бағыты, ол мүгедектерді және мүгедек балаларды арнаулы әлеуметтік қызметпен қамту болып табылады. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсанындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурызындағы №165 бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес, 2 бөлім меңгерушісі, 2 кеңесші маман, 1 айқындау мен бағалау маманы және 42 әлеуметтік қызметкер 9 мүгедек балаға, 30 он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге және 135 жалғызбасты қариялар мен бірінші, екінші топ мүгедектеріне үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Биылғы жылы жалпы аудан бойынша мүгедектер саны 764  адам болса, оның ішінде І топ мүгедегі – 69, ІІ топ мүгедегі – 178, ІІІ топ мүгедегі – 245, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны –  98  және 18 жастан асқан бала кезден мүгедектер  – 174 адамды құрайды.

Үйде қызмет көрсетудің негізгі функциясы қызмет алушыларға стандартқа сәйкес сауықтыру әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету.

Жалғызбасты қариялар мен І, ІІ топ  мүгедектеріне және мүгедектігі бар балаларға  әлеуметтік қызметкерлер белгіленген кесте бойынша  аптасына 2 реттен  барып, жоғарыда көрсетілген  стандарт негізінде сегіз қызмет  түрін көрсетеді.  Осы көрсетілетін қызметтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;

2.Әлеуметтік-медициналық қызмет;

3.Әлеуметтік-психологиялық қызмет;

4.Тірек қимыл аппарыты  бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызмет;

  1. Әлеуметтік-еңбек қызметі;

6.Әлеуметтік-мәдени қызмет;

7.Әлеуметтік-экономикалық қызмет;

  1. Әлеуметтік-құқықтық қызмет.

 

Үйде қызмет көрсетудің негізгі міндеттері:

  • Стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес үйде қызмет көрсету жағдайында стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
  • Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге бағытталған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
  • Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.

Бұл дегеніміз «Әлеуметтік қызметкер» қарауындағы адамдардың ұстазы, дәрігері, қолдаушы, қорғаушысы, бір сөзбен айтқанда арқа сүйер жанашыры, жанына жақын жандардың бірегейі.  Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер арнаулы және жоғары білімді мамандар.

Ай сайын барлық әлеуметтік қызметкерлердің басын қосып, заңнамалардағы өзгерістерді талқылау, тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек беру мақсатында аудандық семинарлар өткізіліп отырады.

Қазіргі заманғы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты мақсаттарының бірі – әр адамның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына және абыройлы өмір сүруіне жағдай жасау болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектелген азаматтардың кәсіптік оңалтылуы, жұмыспен қамтылуы басты мәселе болып отыр. Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға және кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы адамдарға қолдау көрсетілуде. Осы орайда біздің ауданымызда да қарқынды жұмыстар жүзеге асырылып, күні бүгін  1 мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа, 13 мүгедек тұрақты жұмысқа, 1 мүгедек жастар практикасымен жұмысқа тартылды. «Бизнес-Бастау» жобасы аясында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды асыруға арналған мемлекеттік грантты 2 мүгедек ұтып алды.  Жаңақала ауылының  бірінші топ мүгедегі Садыков Азамат   киім үлгілерін дайындайтын дизайнер ательесін ашуға 252500 теңге жеңіп алса, ІІ топ мүгедегі Гумаров Ақылбек қайтарымсыз 500005 теңгенің грантын ұтып алып, өз кәсібін бастауда. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында  5 мүгедек оқытылып,  сертификаттарын алса,  жеке оңалту бағдарламасы негізінде 1  мүгедек оқып жатыр.   Сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау жобасына жеке кәсіпкер «Жансая» басшысы Дәулетқалиева Жансая қатысып, жаңадан жұмыс орнын ашып бір мүгедекті тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

«Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып,  «Мейірбандық күндері»  аудандық қайырымдылық айлығын өткізу туралы аудан әкімінің іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы іс-шараға сәйкес әр ауылдық округ пен  мекемелерге жалғызбасты қариялар мен мүгедектер, аз қамтылған отбасыларын назардан тыс қалдырмай, түрлі мерекелік шараларға қатыстыру жөнінде қатынас қағаздар жіберіліп, атқарылған жұмыстар бойынша төмендегі мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.

Аудан бойынша әлеуметтік қорғауды қажет ететін  355 зейнеткерлерге 2207,8 мың  теңге, 406 мүгедекке 1448,1 мың теңге, 50 аз қамтылған отбасына 3386,0 мың теңге  көлемінде көмектер көрсетілді.

Соның ішінде:  1 жалғызбасты қарияға 25,0 мың теңгеге, 5 мүгедекке  60,5  теңгеге және 1 аз қамтылған отбасына 10,0  теңгеге  отынмен,   1 жалғызбасты қариялар мен зейнеткерлерге   37,0  теңге көлемінде  демеушілер арқылы  дәрі-дәрмек алынып берілді.      7 жалғызбасты қариялар мен  зейнеткерлерге 70,0 мың теңгеге, 7 мүгедекке 65,0 мың  теңгеге, 8 аз қамтылған отбасыларына 60,0 мың теңгеге  демеушілер арқылы азық-түліктей берілсе,  2 зейнеткерге 10,0 мың теңгеге, 5 мүгедекке 40,0 мың  теңгеге демеушілер арқылы қаржылай көмек көрсетілді. Сол сияқты  10 жалғызбасты қариялар мен зейнеткерлерге 121,0 мың  теңгеге, 11 мүгедекке 25,0 мың теңгеге, 3 аз қамтылған отбасына 20,0 мың теңге көлемінде  демеушілер арқылы үй жөндеу жұмыстарына және құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 1 зейнеткердің санаторлық-курорттық емделуіне  демеушілер арқылы 80,0 мың теңге  қаржы берілді.  333  жалғыз қариялар мен зейнеткерлерге 1864,8 мың теңгеге, 347 мүгедекке 687,2 мың теңгеге, 38 аз қамтылған отбасыларына 3296,0 мың теңгеге мал азығымен және тағы басқалай көмектер көрсетіліп,   мерекелік дастарқан жайылды. Тағы бір айта кететін жайт қазан айында бір ай бойы Жаңақала – Қырқопа бағытында жергілікті жолаушы тасушы көліктерімен 31 мүмкіндігі шектеулі жанды тегін тасымалдау ұйымдастырылды.  570,4 мың теңге жолақысына демеушілік көмек есебінен көрсетілді.

«Мейірбандық күндері» аудандық қайырымдылық айлығының іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілген мәдени көпшілік шаралардың қорытындысына тоқталайық.

Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, «Қариялар күніне» орай Жаңақала  колледжі  асханасында Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері  мен  қарияларға аудан әкімімен кездесу ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылды.    Осы шараларға барлығы 100 зейнеткер шақырылды.

Іс-шаралар жоспарының 4-тармағына сәйкес, аудан аумағында тұрақты тұратын ең ұзақ жасаушы қариялар мен ауырып жатырған зейнеткерлердің үйлерін аудан әкімі бастаған бөлім басшылары, ауыл әкімі аралап қал-жағдайларын біліп, естелік сыйлықтар табыстады.

Іс-шаралар жоспарының 5-10 тармақтарына сәйкес,  аудандық білім беру  бөлімі, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі, №3  жалпы орта білім беретін қазақ мектебі, мектептен тыс жұмыс орталығы, Жаңақала мектеп- гимназиясы, Қ.Жантілеуов атындағы саз мектебі, Интергаз Орталық Азия аудандық желілік өндірістік басқармасы, Жаңақала газ құбыры мекемесі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және басқа да мекемелер мен барлық ауылдық округтердегі бөлініп берілген  қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға  кездеулер ұйымдастырылып, қайырымдылық көмектер көрсетіліп, мерекелік дастарқан жайылды.

Іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес, барлық ауылдық округтерде қариялар мен мүгедектерге мектеп оқушыларымен, кітапхана оқырмандарымен  кездесулер ұйымдастырылып, түрлі мәдени спорттық шаралар оздырылды.

Іс-шаралар жоспарының 8-тармағына сәйкес, «Кәсіподақ» және «Мүгедектер күніне» орай, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бильярд ойыны оздырылды. Бильярд ойнына барлығы 8 мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Бильярд ойыны бойынша І орынды ІІІ топ мүгедегі А.Шарафутдин (Жаңақала а/о), ІІ орынды ІІІ топ мүгедегі А.Исмурзин (Жаңақала а/о), ІІІ  орынды ІІІ топ мүгедегі Ж.Кушкенбаев (Көпжасар а/о) иеленді. Барлық қатысушыларға қаржылай сыйлық пен алғысхаттар табысталды. Шара колледж асханасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік дастарқанда жалғасын тапты. Шараға барлығы 67 мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Бильярд ойнына қатысушыларға аудандық кәсіподақ бөлімі демеушілік көрсетіп, қаржылай сыйлықтар табыстады.

Іс-шаралар жоспарының 9-тармағына сәйкес, Жаңақала колледжінде «Жақсылық жан шуағы»  атты колледж студенттерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.

 

Іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес,  18 қазан күні Ақжайық және Жалпақтал арнаулы әлеуметтік орталығында, 23 қазан күні Көшім және Орал арнаулы әлеуметтік орталықтарындағы  тәрбиеленуші жерлестерімізбен кездесу ұйымдастырылды. Барлық тәрбиеленушілерге ауылдың дәмі – бауырсақ пен айран үйлестіріліп, жерлестерімізбен мекемеге естелік сыйлықтар табысталды. Шара аудандық мәдени-демалыс орталығы қызметкерлерінің концертімен жалғасын тапты.

«Мейірбандық күндері» аудандық қайырымдылық айлығы аясында ауылдық округтердегі өзткізілген шаралардың бір қатарына тоқтала кететін болсақ,

4  қазан күні Қызылоба ауылдық округінде  «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»  атты қариялар мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік шара оздырылды. Шараға барлығы 32 адам шақырылды.

10 қазан күні Көпжасар  ауылдық округінде   қариялар мен тыл еңбеккерлері, мүмкіндігі шектеулі жардар мен «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлеріне мерекелік шара оздырылды. Шараға барлығы 52 адам шақырылды.

11 қазан күні  Қырқопа ауылдық округінде  ауылдың тыл ардагерлері, зейнеткерлері, мүмкіндігі шектеулі жандарымен  кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға барлығы 52 адам шақырылды.

11-15 қазан күндері Бірлік ауылдық округінде зейнеткерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік дастарқан, мүмкіндігі шектеулі жандармен «Жүрегім толы мейірім» атты танымдық шара оздырылды. Шараға барлығы 50 адам шақырылды.

12 қазан күні Жаңажол ауылдық округінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға барлығы (ардагерлер, зейнеткерлер, тыл ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар) 45 адам шақырылды.

15 қазан күні Жаңақазан ауылдық  округінде «Қарттарға бізден құрмет»  атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға 35 зейнеткер шақырылды.

10-17 қазан күндері Пятимар ауылдық округінде  спорттық шаралар және  қариялар мен мүгедектерге мерекелік дастарқан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Шараға барлығы 60 адам шақырылды.

10-16-25 қазан күндері Мәстексай ауылдық округінде  «Қариялар күніне»  мерекелік дастарқан, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық шаралар және «Екі жұлдыз» ән байқауы оздырылды. Ән байқауына 4 жұп қатынысты. Шара мерекелік дастарқанмен жалғасын тапты.  Жалпы шараға барлығы 92 адам шақырылды.

29-30 қазан күндері «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық фестивалі оздырылды. Ауданнан фестивальға «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Ғұмарова Гүлназ  бала жастан ІІ топ мүгедегі, Шүренова Сымбат  бала жастан ІІІ топ мүгедегі, дует, Көпжасар ауылдық округі, «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша Қаратаев Бауыржан, «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Шүренова Сымбат бала жастан ІІІ топ мүгедегі (қобыз) Көпжасар ауылдық округінен  барып қатысты. «Эстрадалық вокал»  және   «Үздік жасампаз» номинациялары бойынша үшінші дәрежелі дипломмен марапатталса, «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Шүренова Сымбат екінші орын иеленді.

Сонымен қоса барлық ауылдық округтердің  әлеуметтік қызметкерлері мен мектеп оқушылары жалғызбасты қариялар мен зейнеткерлердің және мүмкіндігі шектеулі жандардың  шарбақтарын күл қоқыстан тазалап, сынған шарбақтарын жөндеп, үйлерін ақтап, есік-терезелерін сырлауға көмек көрсетті.

11 қараша күні «Nur Otan» партиясының бекітілген «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы шеңберінде мемлекеттік және дербес бөлім қызметкерлерінің мүмкіндігі шектеулі жандармен жұптасып өнер көрсететін ән байқауы оздырылды. Байқауға барлығы  11 жұп қатысып, өз өнерлерін халыққа паш етті. Әділқазылар алқасының шешімімен  І  орынды Жаңақала ауылдық округінен  І топ мүгедегі Қойшекенов Абай мен мәдени-демалыс  орталығының қызметкері Мусағалиев Жанболат иеленсе,  ІІ орынды  Бірлік ауылдық округінен  ІІ  топ мүгедегі Гумарова Гүлсая мен М.Мирманов ЖОББ мектебінің мұғалімі Шаймарданова Ақтолқын иеленді.  ІІІ орынды Көпжасар ауылдық округінен бала жастан үшінші топ мүгедегі Шүренова Сымбат пен әкімшілік қызметкері Дәулетқалиева Ақмарал иеленді.

Тағы бір айта кететін жайт мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды жүзеге асыру шеңберінде, әлеуметтік қызметтер порталы енгізілетінін хабарлаймыз. Әлеуметтік портал қызметі бес процесті цифрландыруды қамтиды.

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  2. Оңалту техникалық құралдарымен қамту;
  3. Ымдау тілі мамамы;
  4. Жеке көмекші қызметі;
  5. Санаторлық-курорттық емделу қызметі.

Осы процестердің  ішінен  әлеуметтік қызметтер порталы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  бес процестің екі   процесі бойынша — 1)  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;  — 2)  24 оңалту техникалық құралдарымен қамту қызметін көрсетеді. Қалған 3 процесті көктем айларында  цифрландыру  қарастырылуда.

Оңалту құралдары оңалтудың  әлеуметтік қызметтері көбінесе  мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмейді,  мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламасы арқылы берілетін құралдар  көтерме сауда арқылы  бір теззада сатып алынады. Ендігі жерде бұл мәселелер әлеуметтік қызметтер порталын енгізу арқылы шешілетін болады. Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдардың жеткізушілермен тікелей өзара іс-қимылы  бар бірыңғай цифрлық алаң болады.  Өз кезегінде,  нарықта тең мүмкіндіктер пайда болады және бұл бәсекелестікті арттырады.  Бұл ретте  мүгедектігі бар адамдар өздерінің  жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдай алады.  Портал тұтынушыға  қымбат тауарлар мен қызметтерді  таңдаған кезде қосымша ақы төлеу мүмкіндігін ұсынады.  Порталды енгізу  нәтижесінде тауарлардың  көп таңдауы, оңалту нысандары мен қызметтері нарығына тең қол жетімділік қамтамасыз етіледі, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы артады. Әлеуметтік қызметтер порталына жеке оңалту бағдарламасы берілген мүгедектер өздерінің электрондық цифрлық қолтаңбалары арқылы жеке кабинет ашып кіре алады.  Бұл туралы толық ақпарат алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп немесе 21-9-32 телефонына қоңырау шалып білуге болады.

Нұржауған Тілеуқызы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңесші маманы